Есімді білгелі көзім нашар көретін еді. Мектепте бойым ұзын болсада көзім көрмегендіктен алдыңғы партаға отыратын едім. Есейе келе көлік жүргізу де қйындап кетті. Әсіресе түнгі уақытта.Көзге жасалатын лазерлік ота туралы 5-6 жыл бұрын естідім. Бірақ жасатуға қорқып сенімсіздік танытып жүрдім. Айналамдағы адамдар жасатып көздері керемет көріп кеткендері туралы естіп ота жасатуға шешім қабылдадым. @av_astana көз клиникалар желісінің Астанадағы филиалын таңдап, жазылдым. 5.01.23 жылы толық тексеруден өтіп келесі күні дәрігер @dr.nazarova_lazzat ота жасады. Отаның өзі санаулы минут жасалады екен. 3 сағат көзді жұмып жату керек екен. Содан кейін көзімді ашып жан жағыма, алыстағы үйлердің,көліктердің номерлерін,дүкендердің жазуларын , адамдардың түр келбетін көріп таң қалдым. Бәрін ап-анық,тап таза көрініп тұрды. Керемет сезім. Келесі күні отадан кейінгі тексеру жүргізді. “Сивцев” кестесінің 12 қатарына дейін көріп отырдым. Бұрын 3-4 қатарын ғана көретінмін. @av_astana және @ дәрігер @dr.nazarova_lazzat ханымға үлкен рахмет! Ісіңіз алға жүре берсін! Алла жар болсын!