Сіздің қалаңыз:
Қызметтер

Катарактаны факоэмульсификациялау және ИОЛ имплантациясы операциясынан кейінгі сізге арналған біздің ұсыныстарымыз

  1. Көз тамшыларын тамшылау.

Тамшыларды сіз өздігіңізше немесе туыстарыңыз тамшылай алады. Таза қолмен отырып немесе жатып, операцияланған көздің төменгі қабағын абайлап төмен тартыңыз, жоғары қарап, 1-2 тамшы тамшылаңыз. Басқа тамшыларды тамшыламас бұрын 10 минут үзіліс жасаңыз.

  1. Күніне неше рет тамшылау керек

Операция күні төрт сағаттан кейін таңғышты алып, ұйқыға дейін сағат сайын тамшыларды тамшылаңыз. Бірінші аптада күніне 4 рет, түнгі ұйқыға үзіліс жасап тамшылау керек. Содан кейін әр апта сайын тамшылау саны бір ретке азаяды.

Операциядан кейін көз тамшыларын тамшылау схемасы:

1-ші апта. Сигницеф (Офтаквикс немесе Апдропс) + Дексаметазон НЕМЕСЕ комбинирленген препарат 2-в-1 (Комбинил-Дуо, Тобрадекс) 1-2 тамшыдан күніне 4 рет – әр 4 сағат сайын 2-ші апта. тек Дексаметазон 1-2 тамшыдан күніне 3 рет 3-ші апта. тек Дексаметазон 1-2 тамшыдан күніне 2 рет
  1. Операциядан кейін дәрігерге бару міндетті!
Операциядан кейінгі 1-ші күні сіз қабылдауға келуіңіз керек! Содан кейін келесі қабылдауды емдеуші дәрігеріңіз белгілейді және сіз көрсетілген күндерде белгіленген уақытта қабылдауға келесіз. Дәрігерге бару жиілігі көздің жағдайына байланысты жеке белгіленеді.

Сонымен бірге, егер сіз көзде ауырсыну сезсеңіз, жастың ағыны немесе қызаруы пайда болса, көру төмендесе, онда көрсетілген күнді күтпей, дереу қабылдауға келіңіз!

  1. Таңғыш және қорғаныш көзілдіріктері.

Таңғыш қажет емес. Көшеде күннен қорғайтын көзілдірік кию өте пайдалы. Көзілдірік операцияланған көзді жел мен шаңнан да қорғайды. Үй ішінде күннен қорғайтын көзілдірік қажет емес.

  1. Нені істеуге болмайды.

Екі апта бойы операцияланған көзді үрмеуге (тырнауға) болмайды, ауыр дене еңбегімен айналысуға болмайды. Күрт қозғалыстардан және басты ұзақ уақыт төмен иілуден аулақ болу керек. Алкоголь ішуге, моншада парлануға және ыстық ванна қабылдауға болмайды.

  1. Жеке гигиена, ұйқы, тамақтану және басқалар.

Операцияланған көз айналасындағы теріні ыстық қайнаған суға батырылған таза орауышпен күнделікті сүрту қажет.

Тамақ қарапайым болуы мүмкін және тек алғашқы күндерде өте қатты тамақты (құрғақ нан, сәбіз және т.б.) жеуге болмайды. Егер іштің қатуына бейімділік болса – іш жүргізгішті ішіңіз.

Операция күні ұйқыға арқаңызбен немесе операцияланған жағына қарама-қарсы жағыңызбен жату ұсынылады. Жаттығуларға иілу, секіру және жүгіруді болдырмай рұқсат етіледі.

  1. Функционалдық нәтижелер.

Оқуға, теледидар көруге және компьютерде жұмыс істеуге бірден рұқсат етіледі. Сіздің әртүрлі қашықтықтардағы көру өткірлігіңіз имплантацияланған ИОЛ түріне және нейробейімделу кезеңіне байланысты болады, бұл әрбір пациент үшін жеке. Белгілі бір фокустық қашықтықтар үшін көруге қосымша көзілдірік түзетуі қажет болса, оларды таңдау тәртібі мен оңтайлы мерзімдерін емдеуші дәрігеріңізбен нақтылаңыз.

Сізге толық ақпарат берілді деп үміттенеміз және сіз біздің барлық ұсыныстарымызды мұқият орындайтыныңызға сенеміз.

Құрметпен, көз клиникасы «ASTANA VISION»

Сіздің қалаңыз:
Консультация алу үшін

Мәліметтеріңізді қалдырыңыз, біз сізге хабарласамыз!

Қабылдауға жазылу

Мәліметтеріңізді қалдырыңыз, біз сізге хабарласамыз!