Сіздің қалаңыз:
Қызметтер

Операциядан кейінгі сізге арналған біздің ұсыныстарымыз - **СмартСайт, Релекс СМАЙЛ, ФемтоЛАЗИК/ЛАЗИК, ФРК**

Операциядан кейін дәрігерге бару міндетті!

  • Операциядан кейінгі күні сіз «ASTANA VISION» клиникасына сағат 8:30-9:00 аралығында тексерілуге келуіңіз керек;
  • Операциядан кейінгі шамамен 1 ай мерзімде бақылау тексеруі кезек тәртібінде, жазбасыз дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 16:00-ге дейін, содан кейін дәрігердің тағайындауы бойынша жүргізіледі;
  • Операциядан кейінгі 3 айдан кейінгі мерзімдерде тексерілу қажет болса, қайта диагностика үшін ақылы қабылдауға алдын ала жазылу қажет.

    Өмір салтына біртіндеп кіреміз!

  • Операциядан кейінгі күні сіз бетіңізді, басыңызды жуа аласыз, душ қабылдай аласыз, операцияланған көзге су түсуіне мүмкіндік бере отырып, біртіндеп компьютерде жұмыс істеуді, телефонды пайдалануды, теледидар көруді бастай аласыз. Көру өткірлігі жоғары болса, операциядан кейінгі күні автомобиль жүргізу мүмкін.
  • Бейімделуді жеделдету үшін операциядан кейінгі 2-3 күннен бастап 3-4 апта бойы көз жаттығуларын орындау ұсынылады:

КӨЗ ЖАТТЫҒУЛАРЫН ӨТКІЗУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛАР

1. Түсті қағаздан диаметрі 0,5-1 см дөңгелек (немесе газет мәтінінің кішкене үзіндісі) қиып алып, терезе әйнегіне жабыстырыңыз. Терезе жанында тұрыңыз, дөңгелектен көзге дейінгі қашықтық 25-30 см болуы керек. Алдымен 15 секунд дөңгелекке, содан кейін 15 секунд алдын ала таңдап алған алыс объектіге (үй, ағаш және т.б.) кезектесіп қараңыз. Жаттығулар күніне 2-3 рет, екі көзбен бір уақытта, 3-5 минут бойы орындалады. Қарындаштың (қаламның) ұшын 25-30 см қашықтықта, содан кейін бөлменің алыс бұрышындағы нысанға қарауға болады. 2. Қарындашпен жаттығу: қарындашты (қаламды) созылған қол қашықтығында ұстап, оған екі көзіңізбен назар аударыңыз, содан кейін оны мұрынға қарай баяу және тегіс жылжытыңыз. Қарындаш қосыла бастаған кезде тоқтап, оны «біріктіруге» тырысыңыз. Егер сәтті болса – жаттығуды жалғастырыңыз. Егер оны «біріктіре» алмасаңыз, қарындашты сізден сәл қашықтатып, ол қосылғанша алыстатыңыз, содан кейін тағы сәл жақындатуға тырысыңыз. Бастапқы позицияға оралып, 3-4 рет қайталаңыз.

Операциядан кейін тамшыларды келесідей тәсілмен тамшылау керек:

1-2 тамшыдан тамшылау Тамшылау жиілігі мен мерзімі
Дексаметазон (0,1%) Сигницеф (0,5%) 5 күн бойы күніне 3 рет, тамшылар арасындағы интервал 2-3 минут, ____.___. дейін тамшылау
Офтолик Ультра/ немесе Хило-Комод/ немесе Систейн Ультра/ немесе Артелак Всплеск немесе басқа ылғалдандыратын тамшылар Операциядан кейін 1 ай бойы күніне 4 рет тамшылау, содан кейін қажет болған жағдайда, компьютермен жұмыс істегенде немесе дискомфорт болғанда (көздің құрғауы, жеңіл қызаруы, құм сезімі, кір болу сезімі және т.б.) қорғаныс ретінде 2-3 ай бойы күніне 1-2-3 рет тамшылау
  • Операциядан кейін тағайындалған көз тамшыларын тамшылаудың барлық курсын қатаң орындауға өтінеміз;
  • Сіз ылғалдандыратын тамшыларды тек дискомфорт сезімі кезінде ғана емес, сонымен қатар көру жүктемесі қарқынды болған жағдайда, оның ішінде компьютермен жұмыс істегенде де пайдалана аласыз.
Лазерлік түзетуден кейінгі шектеулер: СмартСайт (SmartSight), Релекс СМАЙЛ (ReLEx SMILE) – операциядан кейінгі күнінен бастап ешқандай шектеу жоқ! ФемтоЛАЗИК (FemtoLASIK):
  • Контактілі спорт түрлері (волейбол, баскетбол) операциядан кейінгі 3-4 аптаға дейін ұсынылмайды;
  • 2 аптаға дейін бассейнге, моншадағы паряға және саунаға баруды болдырмау;
  • Қажет болған жағдайда, тұрақты тұратын жеріңіздегі поликлиникада сізге уақытша жарамсыздық парағы немесе жүгіну сәтінен бастап 5 күнге дейінгі мерзімге справка рәсімделеді (б/л беруді м/ж дәрігерімен алдын ала келісу қажет)
Сізге толық ақпарат берілді деп үміттенеміз және сіз біздің барлық ұсыныстарымызды мұқият орындайтыныңызға сенеміз, құрметпен, «ASTANA VISION» клиникасы Өз пікірлеріңізді регистратурада, сонымен қатар Instagram @av_astana немесе Facebook Astana Vision-да қалдыра аласыз
Astana Vision — Қазақстандағы көзтану клиникаларының жетекші желісі. Біздің міндетіміз — ең заманауи және тиімді емдеу әдістерін ұсынып, пациенттердің көруін сақтау және жақсарту. Astana Vision мамандары көзтану саласындағы соңғы әзірлемелерді қолдана отырып, бай тәжірибеге ие. Біздің клиникаларымыз бірегей заманауи жабдықтар кешенімен жарақталған. Процедуралардың сапасы, қауіпсіздігі және пациенттердің ыңғайлылығы — біздің басымдығымыз. Astana Vision-да сізге көздің әртүрлі аурулары кезінде кәсіби көмек көрсетіледі. Клиникада шет ел пациенттерін емдеуге арналған бөлім құрылған. Көп жылдар бойы біз Қазақстанның алдыңғы қатарлы клиникасы ретіндегі мәртебесін сақтауға тырысамыз. Бізді таңдайды, сенеді және ұсынады.
Сіздің қалаңыз:
Консультация алу үшін

Мәліметтеріңізді қалдырыңыз, біз сізге хабарласамыз!

Қабылдауға жазылу

Мәліметтеріңізді қалдырыңыз, біз сізге хабарласамыз!