Сіздің қалаңыз:
Қызметтер

Кератоконусды емдеу

Кератоконус – бұл роговицаның сфералық пішінді сақтай алмай, жұқарып, созылып, бұлыңғырап, табиғи қызметтерін атқара алмайтын созылмалы ауруы.

Кератоконус қауіпті не себепті:

Емделмесе, ауру көру өткірлігінің прогрессивті төмендеуіне, жұмыс қабілетінің жоғалуына және пациенттің мүгедектігіне әкеледі. Кератоконусстың қауіпті асқынуларының бірі – роговицаның артқы қабығының жыртылуы, бұл роговицаның тыртықтануына және оны ауыстыру қажеттілігіне алып келеді.

Кератоконус себептері::

Кератоконус пайда болу табиғаты туралы медицинада әлі біркелкі пікір жоқ.

Бүгінгі таңда медициналық ғылымда аурудың дамуының көптеген теориялары бар, оның себебі тума қабілеттілік, табиғи және экологиялық факторлар, аллергия және қабыну болуы мүмкін.

Кератоконус белгілері::

Көбінесе кератоконусы бар адамдардағы бірінші шағым көрудің нашарлауы, көру өткірлігін әдеттегі көзілдірік немесе линзалармен жақсарта алмау, жиі көзілдірікті ауыстыру болып табылады. Сонымен қатар пациенттер шырқылдау, нысандардың бұрмалануы, тұманды бейне, көздің қызаруы және құрғақтығын байқай алады.

Кератоконус емдеу:

Кератоконусты емдеуде бірінші кезектегі міндет аурудың өршуін тоқтату болып табылады, бұл кросслинкинг арқылы жетеді.

  • Кросслинкинг – ультракүлгін және рибофлавин (В2 дәрумені) көмегімен кератоконусты емдеу. Кросслинкингті жүргізудің мақсаты – роговицаның коллаген талшықтары арасындағы «тігулердің» санының артуы нәтижесінде болатын роговицаның биомеханикалық қасиеттерін нығайту. Бұл операция көруді жақсарту үшін емес, ауруды тұрақтандыру үшін жүргізіледі. Кератоконус тұрақтанғаннан кейінгі келесі міндет – көруді жақсарту.

Кератоконус кезінде көруді жақсарту::

  • Бастапқы сатыларында: көзілдірік немесе жұмсақ контактілі линзалар.

  • Неғұрлым дамыған сатыларында: арнайы қатты контактілі линзалар (склеральды) немесе роговицалық сегменттерді имплантациялау.

Біздің “Astana Vision” клиникамызда кератоконус диагностикасы мен емдеуіне қажетті барлық жабдықтар бар. Біздің мамандарымыз сізге көруді сақтауға және күнделікті өмірде ыңғайлылықты қайтаруға көмектеседі.

Записаться на приём

Оставьте свои данные и с Вами обязательно свяжутся!

Біздің дәрігерлерімізбен танысыңыз, бұл кератоконусты емдеу саласындағы үздік мамандар.

Тәжірибесі: 16 жыл

Идрисова Айгуль Нурлановна

Дәрігер-офтальмолог, біліктілігі жоғары санатты дәрігер.

Қызметтердің бағалары 2024 жылдың 1 сәуірінен бастап жаңартылды

Қызметтің құны

Қолма-қол ақшамен немесе картамен төлегенде икемді жеңілдіктер жүйесі бар Бөліп төлеу мүмкіндігі бар
  • Кросслинкинг 200.000 KZT

    (бір көз үшін)

  • Фемтолазерлік қолдаумен интраламеллярлық тоннельді кератопластика 650.000 KZT бастап

    (интрастромальды роговицалық сегменттерді имплантациялау, бір көз үшін)

Сіздің қалаңыз:
Консультация алу үшін

Мәліметтеріңізді қалдырыңыз, біз сізге хабарласамыз!

Қабылдауға жазылу

Мәліметтеріңізді қалдырыңыз, біз сізге хабарласамыз!