Амбулаториялық-поликлиникалық көмек
Бұл пациенттерге поликлиникада (клиникада) көрсетілетін медициналық көмек.
ASTANA VISION клиникасы ЖММ аясында тегін поликлиникалық көмек көрсетеді. Енді сіз өз поликлиникаңыздың дәрігерінің жолдамасы бойынша ішінара диагностикадан өту мүмкіндігіне иесіз.
ЖММ аясында көрсетілетін қызметтер:
- Оптикалық когерентті томография;
- Ультрадыбыстық биомикроскопия;
- Циклоскопия;
- Офтальмолог кеңесі.
Медициналық көмек алу тәртібі
Медициналық көмек алу үшін пациент тіркелген жеріндегі учаскелік дәрігерге жүгінуі қажет. Алдын ала жазылу арқылы жолдама алуы керек. Біздің клиникамызға келуі керек.
Медициналық қызметтер көмегі тек Жалпыға міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне қосылған және «Сактандырылған» статусына ие пациенттерге ғана көрсетіледі.
«Сактандырылған» статусын тексеру мына жолдармен мүмкін:
- Telegram мессенджерінде @SaqtandyryBot телеграм-ботын табу;
- «Сактандырылу статусын анықтау» бөлімін таңдау;
- ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірін) енгізу.
Қабылдау кестесі апта ішінің күндері 09:00-ден 14:00-ге дейін жүзеге асырылады.
Қабылдауға жазылу
Мәліметтеріңізді қалдырыңыз, біз сізге хабарласамыз!